KZ | RU | ENG

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ "ҚАЗАҚСТАН-2050" ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІ ҚОЛДАЙДЫ

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ
14.09.2017

Мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі бүгінде еліміздегі ең өзекті тақырып болып отыр. Осыған орай әртүрлі ұйымдар мен мекемелерде қызу талқылау жұмыстары жүргізіліп, тың бастаманың тиімді тұстары кеңінен насихатталуда. Ке­ше өткен Демократиялық күштердің «Қа­зақстан – 2050» жалпыұлттық коалиция­сының кезекті отырысында да жаңа қазақ алфавитінің бірыңғай стан­дарттары сөз бол­ды. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед­тің жетекшілігімен өткен жиын­ға еліміздегі саяси партиялардың басшы­лары, Үкімет мүшесі, Парламент де­­путат­тары мен белгілі қоғам қайраткер­лері, этно­мә­дени бірлестіктер мен жастар өкілдері қатысты.

         Әли БЕКТАЕВ, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты:– Бүгінгі талқыланып отырған мәселе шын мәнінде еліміз үшін жаңа белес, тарихи кезең болғалы тұр. Биыл жазда еліміздің өңірлеріне, соның ішінде ауылдық жерлерге жасаған сапарымда көптеген ел азаматтарымен кездесіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы төңірегінде әңгіме қозғадық. Жалпы ауыл тұрғындары мақаладағы бастамаларды, соның ішінде мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуін қолдап отыр. Дегенмен, бұл мәселеде асығыстыққа бой бермей кезең-кезеңімен жүзеге асыруымыз керек. Соның ішінде, ауылдық жерлердегі білім сапасына ерекше көңіл бөлінуі қажет. Сондықтан, алдымызда білім беру сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесінде мұғалімдерді әбден дайындап алу мәселесі тұр. Сонымен қатар, латын қарпіне көшіру үшiн алдын ала ауыл тұрғындарына және аға буын өкілдеріне арналған арнайы курстар жүргізу мәселесін де қолға алған жөн деп ойлаймын. Осы жұмыстардың барлығын сәтті жүзеге асыру үшін әр қазақстандық атсалысуы керек. Себебі, латын қарпіне көшу – халқымыз үшін үлкен жетістік әрі осы дәуірде алтын әріппен жазылып қалатын тарихи оқиға. Сол себепті де «Ауыл» партиясы бұл мәселені жан-жақты талқылауға және оған қолдау көрсетуге қашанда дайын.

http://kaztrk.kz/news/latyn-karpi/qazaq-elinin-tarihynda-tungysh-ret-oz-erkimizben-alipbi-tandap-otyrmyz-m-qul-muhammed-102066