KZ | RU | ENG

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ
12.09.2017

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген Шығыс Қазақстан облысындағы Терісайрық өзені бойында Шотай батырдың үш жүз жылдық мерейтойына орай, Ауыл партиясының бастамасымен Астана қаласынан бастау алған «Туған жерге тағзым» атты акция керуені Тарбағатай ауданына жетіп, ата мұраны өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында ауқымды шаралар өтті. Шараға елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздар, айтыскер ақындар қатысты. Акцияның мақсаты ауыл-ауылға табан тіреп бабалар рухынан өнегелі өсиет айту мен ұмыт болып бара жатқан бабалар есімін қайта жаңғырту. Жиын барысында Шотай батырдың өмірі жайында тың деректер кездесетін «Ғасырлар шерткен шежіре» атты кітаптың тұсауы кесілді. «Ауыл» партиясының қолдауымен Ақжар ауылының орталық саябағында «Туған жерге тағзым» атты ескерткіш тақтасы орнатылды. Мұндай насихат жұмыстарының жастарға берер өнегесі мол дейді жиынға қатысушылар. Рухани керуен аясында ақындар айтысы өткізілді. Халықтың рухын көтеретін шаралар легі ұлттық спорт түрлерімен жалғасты. Аламан бәйге мен балуандар күресі думанға дүбір қосты.

http://kaztrk.kz/news/madeniet/shqo-da-shotai-batyrdyn-mazary-tabyldy-101926