KZ | RU | ENG

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ. КӨНЕ ТАРАЗДАН АСҚАҚ АСТАНАҒА ТАРТУ»

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ. КӨНЕ ТАРАЗДАН АСҚАҚ АСТАНАҒА ТАРТУ»
08.09.2017

Астанада өткен «Экспо 2017» Халықаралық көрмесі аясында 26-30 шілде аралығында Жамбыл облысының мәдениет күндері өткізілді. Көрмеге Жамбыл облысынан «Ұлы жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» көші аттанған болатын. Сол көшке «Ауыл» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының төрағасы және мүшелеріде қатысты. Астаналықтар мен қонақтар тарихы терең Әулиеатаның тарихымен танысып, көптеген мәдени-бұқаралық шаралардың куәсі болады. Киіз үй, шатырлар мен сахналар тігіліп, онда қазақ халқының түрлі ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сахналанды, ұлттық ойындар мен концерттік бағдарламалар ұсынылды. Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Тараз – тарихтың алтын діңгегі» атты жылжымалы көрме өткізеді. Аталған көрмеде Қазақ хандығы қрылмастан бұрынғы сақ дәуірінен қалған 300 экспонат көрме қонақтарына қуаныш сыйлады.