KZ | RU | ENG

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ–МЕМЛЕКЕТТІЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ–МЕМЛЕКЕТТІЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ
07.09.2017

«Ауыл» Халықтық–демократиялық патриоттық партиясының Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттілік, тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Жоғары Оқу орнының Профессор – оқытушылары мен шақырылған қонақтар баяндама жасады. Жиынға қоғам қайраткерлері, оқытушылар мен студент жастар қатысты. ҚР Конституциясы қазақстандық қоғамдағы әртүрлі қоғамдық-саяси күштерінің жақын және алдағы келешекте келісімін қамтамасыз етуі оның басты әлеуметтік құндылығы болып табылады. Бұл Конституцияны саяси тұрақтылықтың ең маңызды факторы және бейбітшілік пен келісімнің кепілі етеді