KZ | RU | ENG

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ
06.09.2017

Қостанай қаласында 8 жыл бұрын облыс әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бастамасымен басталған «Мектепке жол» жыл сайынғы қайырымдылық акциясын өткізу жақсы дәстүрге айналды.

Аталған акция шеңберінде «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы, «Ауыл» партиясының атынан сайланған қалалық мәслихаттың депутаты С.Б. Исмұратов №17 орта мектеп пен №2 арнайы мектеп-интернаттың аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектеп және спорттық киімдер, оқуға қажетті кеңсе тауарларын тарту етті.