KZ | RU | ENG

ЭКСПО - 2017 КӨРМЕСІ - ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ЖЕҢІСІ!

ЭКСПО - 2017 КӨРМЕСІ - ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ЖЕҢІСІ!
13.07.2017

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында, «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды»-деп айтқан болатын. Осыған орай, партия басшылығы алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында, партия мүшелері әлемнің ең үздік жетістіктерін ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі арқылы көріп-білгендері дұрыс болар деген ниетпен көрмеге экскурсия ұйымдастырды.

«Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында: «Ауыл шаруашылығы ғылымдарына, білім беру және өндіріске жақын интеграцияны көздейтін ауылшаруашылығы секторына заманауи технологияларды енгізуді ынталандыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу»-керектігі айтылған. Көрменің басты идеясы - жаңартылатын көздерден энергия алу: су ағындары, жел энергиясы, биомасса өндіру технологиясынан энергияларды өндіру болғандықтан, көрмені тамашалаған «Ауыл» партиясы мүшелерінің пікірінше олар өз жұмыстарында пайдалануға болатын қажетті білім мен жаңа идеялар алды.