KZ | RU | ENG

ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШ РЕТ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ АРАЛ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШ РЕТ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ АРАЛ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
07.06.2017

Форумның мақсаты: Арал маңының экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелері туралы жалпыға ортақ хабардарлықты арттыру, жаһандық мақсаттармен тұрақты дамуға сәйкес қоғамның өзекті мәселелеріне  әлем назарын аудару болып табылады. Аралдың  экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талқылаумен қатар Форумда қазіргі заманғы әлемде кешенді су тақырыбындағы осы мәселелерді  шешу тәжірибесі, жаһандық климаттық өзгерістер, индустриялық экологияның өзекті мәселелері қозғалды. Форум шеңберінде Арал және Арал маңы туралы көркем әдебиеттерді  авторлық таныстыру,  деректі және ғылыми-танымал деректі фильмдер көрсетілді. Сонымен қатар, ынтымақтастық туралы бірқатар хаттамаларға қол қойылды:

 1) « Арал теңізінің  шығыс жағалауын бойлай «жасыл белдеу»  құру» жобасы бойынша;

2) «Климаттың өзгеруіне  жабайы жануарлардың  Арал маңы бейімдеу орталығын құру» жобасы бойынша;

3) «Қамыстыбас» көлінің жағасында  «Арал» ғылыми-туристік орталығын  құру бойынша;

4)  «ГАЖ-технологиялар» және басқалары негізінде қазақстандық  Арал маңының интерактивтік электрондық карталарын және Қызылорда облысының атласын» құру бойынша.

         Форумға ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі,  ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҒЗТУ «География институты», ҚР Мемлекеттік Хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент Сенатның депутаттары, «Ауыл» ХДПП Төрағасы Ә. Бектаев, Орталық Азия елдері мен Қазақстан Республикасының жергілікті және  орталық, мемлекеттік органдарының жетекшілері, ҚР дипломатиялық өкілдіктері, халықаралық ұйым өкілдіктерінің басшылары,  ғалымдар мен сарапшылар форум жұмысына қатысты.