KZ | RU | ENG

«ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ» атты халықаралық Конгрессі

«ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ» атты халықаралық Конгрессі
06.06.2017

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: -«Біз тарихымыздың жаңа шамын жақтық, сондықтан бүгін және мәңгілік Қазақстанымыз – Ұлы дала елі, бұл Ұлы жаңғырған дала елі, біздің Отанымыздың көп этникалық халқының бесігі. Сүйікті Отанымыздың халықтық атауы осы - Ұлы дала елі». «Біздің Отанымыздың өткені мен бүгінгісін, болашағын айшықтап тұр. Біздің қазақстандық мінезіміз бен оның негізгі ерекшеліктері – ашықтық, рухани байлық, жүректеріміздің жылуы, қонақжайлылық, бейбітшілікті сүю, даналық пен еңбексүйгіштік сынды қасиеттері көрініс тапқан», - деген болатын. Іс-шараның мақсаты осы ұғымды негізге ала отырып:

-Жамбыл облысы өлкесін, Тараз қаласын, оның аймақтарының көркем бейнелерін шет ел суретшілерінің көзімен пайымдау,

-Бейнелеу өнері арқылы халықаралық достықты, мәдени және рухани байланыстарды нығайту.

         Конгресс симпозуимында алыс-жақын шет мемлекеттерден келген суретшілер 21-22 мамыр күндері Мойынқұм, Бетпақдала төскейіне пленэрге шығу, Құралай сұлу кесенесіне бару, 23-24 мамыр күндері Меркі демалыс өңіріне пленэрге шығу, 25-27 мамыр аралығында Тараз қаласындағы пленэрге шығу және шеберлік класс жұмыстарын өткізеді.

Конгреске Облыс әкімінің орынбасары, шет елден (Польша, Италия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан) суретшілер, ғалымдар, профессор – оқытушылар, студенттер және «Ауыл» ХДПП мүшелеріде қатысты.