KZ | RU | ENG

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ
31.05.2017

Елімізде аталып өтілетін 31-мамыр ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының орталық аппаратының қызметкерлері Астана қаласындағы «Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке» гүл шоқтарын қойды. Қазақстандық 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.

Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, немістер, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген. Өкінішке орай, қасіретке толы сол кезеңді көп жас біле бермейді. Сондықтан зұлматқа толы тарихи оқиғаны жастар арасында айтып оларды халықтың жадында мәңгі сақтауымыз керек.