KZ | RU | ENG

Мәжіліс және мәслихат депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамаға қатысты «Ауыл» партиясының Мәлімдемесі

Мәжіліс және мәслихат депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамаға қатысты «Ауыл» партиясының Мәлімдемесі
13.01.2016

Біз, «Ауыл» партиясының мүшелері депутаттардың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасына қолдау білдіреміз.

Бүгінде барша қазақстандықтардың алдында Бес институционалдық реформа мен еліміздің дағдарысқа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың маңызды міндеттері тұр.

Көздеген мақсаттарға табысты жету жолында мақсатты түрде, алаңсыз жұмыс істеу үшін біз ертеңімізге және жүргізілетін саясаттың болжамдылығына сенімді болуымыз керек.

Біз – шаруалардың, ауыл тұрғындары мен  ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің партиясы ретінде мерзімінен бұрын сайлау өткізіп, жаңа Парламент жасақтау жаһандық дағдарыстан абыроймен шығу үшін және Қазақстанның әрі қарай табысты дамуы үшін жүктелген міндеттерді толыққанды жүзеге асыруға қажетті халық сенімінің мандатын алуға мүмкіндік береді деп санаймыз.

Біз бүгін барша саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өтікізу туралы бастаманы қолдауға шақырамыз.

Біз мерзімінен бұрын сайлау өткізу қазіргі аса күрделі кезеңде еліміздің ұйыса түсуіне және Қазақстанымызды дамудың жаңа белестеріне шығаратынына сенеміз.