KZ | RU | ENG

ӘРДАЙЫМ ЕСІМІЗДЕ...

ӘРДАЙЫМ ЕСІМІЗДЕ...
10.05.2017

Әрдайым есімізде...

Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңіспен оралған  отандастарымызға сый-құрмет көрсету - біздің міндетіміз! Қоғам дәстүрлі патриоттық сананы жоғалтпауы тиіс. Осы күннің ұлылығын азайтуға болмайды. «Ауыл» ХДПП Қостанай облысы бойынша филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры Исмуратов С.Б. демеушілігінің арқасында Ұлы Жеңіс күнін тойлау үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, лагерьлердің тұтқындары, Ауған соғысының ардагерлерінің 40-қа жуық өкілдеріне мерекелік дастарқан жайылды.

 Аталмыш іс-шарада «Мирас» қалалық мәдениет сарайы  ұжымы мерекелік көңіл-күйді  көтерді. Бұл жиында қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Копеш Беген мен Ұлы Отан соғысының ардагері Трелецкий Г.Н. сөз сөйлеп, депутат Исмуратов С.Б. мен "Ауыл" партиясына шексіз алғыстарын білдірді. 

Шақырылған қонақтардың барлығына мерекелік сыйлық табыс етілді.Сол күні іс-шараға қатыса алмаған Ұлы Отан соғысының 8 ардагерін "Жас Ауыл" жастар қанатының өкілдері үйлеріне барып құттықтады.