KZ | RU | ENG

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ӨЗ ТАЛЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» БАСТАМАСЫ ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ӨЗ ТАЛЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» БАСТАМАСЫ ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕ ҚОЛДАУ ТАПТЫ
17.04.2017

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Өз талыңды отырғыз!» акциясы Оңтүстік Қазақстан облысы «Асар» мөлтек ауданында жалғасты. Партия филиалы қызметкерлері мен «Жас толқын» жастар қанатының өкілдері жұмылып ағаш отырғызды. Партия атынан тал отырғызуға демеушілік жасап, қолдау көрсеткен «Бадам» орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне алғысымызды білдіреміз.

Еске сала кетейік, «Өз талыңды отырғыз» акциясы 20-наурызда Жамбыл облысында бастау алған болатын. Жамбыл даңғылының бойында орналасқан "Тараз" қонақ үйінің алдында 100 ақ қайың ағашы отырғызылды. Іс-шараға қала тұрғындары, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.