KZ | RU | ENG

ПАРТИЯ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

ПАРТИЯ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ
17.04.2017

«Ауыл» ХДПП БҚ Астана филиалы «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС кәсіпорнына арнайы барып ашық есік күнін өткізді. Ғылым қызметкерлерімен болған кездесуде еліміздегі ғылымның бүгінгі жайы, инновациялық идеяларға мемлекет тарапынан жасалатын жағдайдың жапсары кеңінен талқыланды. Жас мамандар баспанамен қамту мәселесін ортаға салды.  Өз кезегінде «Ауыл» партиясы Астана филиалының төрағасы М.Оралов партияның ұстанған бағыт-бағдарын түсіндірді. Ғылым қызметкерлерінің инновациялық идеяларын жүзеге асыруға мемлекет тарапынан қарастырылатын гранттар туралы сұрақтарын партия арқылы Үкімет пен Парламентке жолдауға мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Кездесу соңында «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС кәсіпорнының бірқатар қызметкері «Ауыл» партиясы қатарына қосылуға шешім қабылдағанын айтты.