KZ | RU | ENG

КООПЕРАТИВКЕ БІРІГУГЕ КӨМЕК

КООПЕРАТИВКЕ БІРІГУГЕ КӨМЕК
11.04.2017

«Ауыл» партиясының Қарасай аудандық мәслихатындағы депутаты Жанәділ Орынбай аудан әкімдігін жергілікті шаруаларға жәрдем беруге шақырды. Жеке кәсібін дөңгелентіп отырған тұрғындардың басым көпшілігі – коопреативке бірігуді жүзеге асыру жолдарынан бейхабар. Сонымен бірге мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктерді рәсімдеу шараларын түсінбеген. Айтулы мәселені депутат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын әкімият қызметкерлері арасында талқылауға арналған жиналыста көтерді. Бұл ретте, кішігірім ауыл шаруашылық кәсіптерінің бірігуін қолдап, аудандағы бизнесті одан әрі дамыту жолдары туралы «Медеу Коммерц» асыл тұқымды мал өсіру зауытының басшысы Лаура Түктібаева өз пікірімен бөлісті. Ал, ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Сабырбек Мұхтар, аталмыш бағыт бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, атқарар істер пысықталатынын алға тартты.