KZ | RU | ENG

"Ауыл" партиясының Хатшысы лауазымына Бөрібай Жексембин тағайындалды

08.01.2016

2016 жылы 8 қаңтарда «Ауыл» партиясының Орталық Аппаратында партияның Саяси Кеңесі Президиумының мәжілісі өтіп, Б.Б. Жексембин партияның Хатшысы лауазымына тағайындалды.

Бөрібай Биқожаұлы Жексембин, 1952 жылы туған, еліміздің агросекторында көптеген жылдары еңбек еткен. Жезқазған, Жамбыл облыстары әкімінің орынбасары, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшісі лауазымын атқарды.

Экономика ғылымдарының кандидаты, үйленген, мемлекеттік марапаттарға ие.

Б.Б Жексембин «Ауыл» партиясында аграрлық секторды, инновациялық даму бағыттарына жетекшілік етеді.