KZ | RU | ENG

«ЖАҚСЫДАН ШАРАПАТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

«ЖАҚСЫДАН ШАРАПАТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
07.04.2017

Бүгін Астанадағы «Хан Шатыр» сауда үйінде «Жақсыдан Шарапат» қайырымдылық көрме-жәрмеңкесі ашылды. Жәрмеңкеде республикамыздың түкпір-түкпірінен келген, басына өмірдің кембағалдық сынағы берілсе де, мойымай қолынан келген кәсібімен шұғылданып жүрген отандастарымыздың бұйымдары сатылымға қойылған. Қайырымдылық шарасын өткізуге  «Ауыл» партиясы мен «Пана-Б» қоғамдық, қайырымдылық» қоры мұрындық болды.

Жәрмеңкенің мақсаты: кембағал жандардың бойына біткен қабілет-қарымын көрсете білуіне мүмкіндік жасау; отандық тауар өндірушілерді қолдау; Астана тұрғындары мен меймандарының назарына ұсыну арқылы ұлттық қолөнер бұйымдарын тұтынудың дәстүрін қайта жаңғырту. Жәрмеңкенің ашылу салтанатына «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев қатысып, көрмеге қойылған бұйымдардың авторларымен жеке-жеке сұхбаттасты. Партия атынан олардың еңбегіне табыс тілеп, алғыс хаттар табыстады.

Жәрмеңке үш күнге жалғасады.