KZ | RU | ENG

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ 12 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫМЕН ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУҒА КЕЛІСІМ ЖАСАДЫ

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ 12 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫМЕН ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУҒА КЕЛІСІМ ЖАСАДЫ
04.04.2017

«Ауыл» ХДПП Алматы қаласы филиалының төрағасы Абдулла Сапаровтың төрағалығымен Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ауылшаруашылығы бағытындағы 12 бірдей ғылыми-зерттеу институтымен әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Атап айтқанда әріптестік келісім партия мен  тағам және өңдеу өнеркәсібі ҚазҒЗИ, жүзім және жеміс шаруашылығы ҚазҒЗИ, ауылшаруашылығы механизациясы және электрфикациясы ҚазҒЗИ, ауылшаруашылығы аумағын дамыту және АӨК экономикасы ҚазҒЗИ, өсімдікті қорғау және оның карантині ҚазҒЗИ, жем дайындау және мал өсіру ҚазҒЗИ, балық шаруашылығы ҚазҒЗИ, Қазақ мал дәрігерлік ғылыми зерттеу институты, Ө.Оспанов атындағы топырақтану және агрохимия ҚазҒЗИ, көкөніс пен картоп өсіру ҚазҒЗИ, Өсімдік өсіру және егін шаруашылығы ҚазҒЗИ, «Жем дайындау және мал өсіру» Қаз ҒЗИ ЖШС-нің «Қой өсіру ғылыми зерттеу институты» филиалы арасында жасалды.

Меморандумның басты мақсаты – ауылшаруашылығы бағытындағы ғылым мен технология  өзекті мәселелерін шешуде күш біріктіру. Шараға қатысқан Ауыл партиясы төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов бұл келісімнің маңыздылығын атап өтті. Ауылшаруашылығы мүддесін қорғауды мақсат тұтқан Ауыл партиясының аталған институттармен тығыз қатынас орнатуы қажеттілік екенін баса айтты.