KZ | RU | ENG

КОНСТИТУЦИЯҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ – ІЛГЕРІ ЖҮРУДІҢ ҚАДАМЫ

КОНСТИТУЦИЯҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ – ІЛГЕРІ ЖҮРУДІҢ ҚАДАМЫ
14.03.2017

«Ауыл» ХДПП  өзгерістер енгізілген Ата заңымызды талқылау үшін дөңгелек үстел басында жиналды. Елбасы Н.Назарбаевтың Конституцияға  өзгеріс енгізу жөніндегі Жарлығы шыққан күннен бастап «Ауыл» партиясы өз ұстанымдары негізінде арнайы комиссияның қарауына 40-тан астам  ұсыныс жолдаған болатын. Ұсыныстарды әзірлеу үшін қоғамдық бірлестіктің барлық облыстардағы филиалдары қоғамдық шаралар ұйымдастырып, белсенділік танытты. «Конституцияға өзгерістің енгізілуі – ілгері жүрудің қадамы. Көшбасшымыздың дәл осындай шешім қабылдауына еліміздің ішкі және сыртқы саясаттағы жағдайлары себепші болды деп есептейміз және бұл қадамды қолдаймыз. Ендігі мәселе – енгізілген өзгерістерді халыққа түсіндіру. Бұл ретте партиямыз белсенді жұмыстарын жалғастырады»-деді партия төрағасы Ә.Бектаев.