KZ | RU | ENG

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
07.03.2017

Халықаралық әйелдер күні құрметіне «Ауыл» ХДПП нәзік жандыларға арналған мерекелік қабылдау өткізді. Оған көп балалы ана, зейнеткер -Смаилова Шивкие; 40 жыл әскери-санитарлық медбике болып қызмет еткен - Мұқанова Айша; ауылшаруашылығы саласында 41 жыл есепші болып еңбек еткен Хасенова Майра; ауыл шаруашылығына қатысты 50-ден астам ғылыми еңбегі мен 20 инновациялық патенті бар Полубатько Ольга; көп балалы ана, жеке кәсіпкер, «Ауыл» партиясының белсенді мүшесі Тоқтақұлинова Зылиха; мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 32 жыл, Ұлттық экономика министрлігінің экономисі - Төлеуова Ғайни; жеке кәсібін дөңгелеткен - Смаилова Светлана; ұстаз, бастауыш партия ұйымының төрайымы Беркімбаева Баян; ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Аграрлық университеттің аға оқытушысы, Ауыл партиясының белсенді мүшесі Колесникова Людмила тағы басқа әйелдер арнайы шақырылды. Ауыл партиясының төрағасы Әли Бектаев партияның атынан барша әйелдер қауымына ақ тілегін жаудыртып, еңбектерінің жемісі мен зейнетін көруді тіледі.