KZ | RU | ENG

Ауыл еңбеккерлерінің еңбек ақысы әділ түрде белгіленуі тиіс.

Ауыл еңбеккерлерінің еңбек ақысы әділ түрде белгіленуі тиіс.
22.10.2015

Орал қаласында Ауыл ХДПП-ның Батыс-Қазақстандық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Шараға облыстық партиялық ұйымның барлық аудандық және қалалық филиалдарының 100 ден астам делегаттары қатысты. Партияның Батыс Қазақстандық филиалының төрағасы қызметіне А.Г. Баянов бір ауыздан сайланды.

Конференция жұмысына қатысқан «Ауыл» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Т. Ғабділәшімов «Ауыл еңбеккерлерінің айлығы әділ әрі жоғары» болу керектігін айтты.

Ел дамуының қозғаушы күші ауыл шаруашылығы болуы керек. Ауыл халқы үшін әділ әлеуметтік саясат, шаруалардың еңбегі әділ есептеліп, лайықты жалақы тағайындау, және ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге лайықты баға болуы керек деді ол.

Анықтама үшін: 2015 жылдың 5 қыркүйек айында Астанада Ауыл Қазақстанның социал-демократиялық партиясының XІ съезд өтті. Қазіргі таңда партия қайта тіркелу процесінен өтуде.