KZ | RU | ENG

ЖОЛДАУДАН – ЖҰМЫС БАҒДАРЫНА

ЖОЛДАУДАН – ЖҰМЫС БАҒДАРЫНА
22.02.2017

«Ауыл» партиясының Қызылорда облысындағы филиалы өңірдегі партия мүшелерінің басын қосып, Елбасы Н. Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік"  Жолдауын жан-жақты таразылап, алдағы атқарар жұмыстардың бағыт-бағдарын жасады. Партия төрағасы С.Өмірзақов  Жолдаудың аграрлық салаға қатысты айтылған тұсын басымдыққа алу қажеттігін айтты. Елдегі шаруалардың кооперативтерге бірігіп, экспортқа шығаратын өнімдердің саны мен сапасын арттыру бағытында насихат жұмыстарын жүргізу қажеттігіне тоқталды.