KZ | RU | ENG

«ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ ӨЗ БИЗНЕСІН ЖҮРГІЗУ ҮШІН 16 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ШАҒЫН НЕСИЕ АЛА АЛАДЫ»

«ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ ӨЗ БИЗНЕСІН ЖҮРГІЗУ ҮШІН 16 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ШАҒЫН НЕСИЕ АЛА АЛАДЫ»
17.02.2017

Ауыл партиясы төрағасы Әли Бектаевтың Елбасының  "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік" Жолдауын өңір жұртшылығына талдап түсіндіру мақсатындағы сапары Сарыағаш ауданында жалғасты.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы елімізде емдік шипажайымен танымал. Сонымен қатар, Сарыағашта жылыжайлардың жұмысы жүйеге қойылған. Онда басқа жеміс-жидекті былай қойғанда, өлкемізді жерсінбейтін  лимонға дейін гүлдейді. Аудан халқы негізінен осы жылыжайларда жұмыс істейді. Партия төрағасы еңбекқор азаматтардың жеке кәсібін дөңгелентуге мемлекет тарапынан несие берілетіні жөнінде айтты. «Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс»,-делінген Жолдаудағы басымдықты атап өткен Әли Бектаев Үкіметтің  биылдан бастап жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскенін айтты.