KZ | RU | ENG

ОҚО ЗАҢГЕРЛЕРІ СОТТАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУДЫ ҰСЫНУДА

ОҚО ЗАҢГЕРЛЕРІ СОТТАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУДЫ ҰСЫНУДА
13.02.2017

Оңтүстік Қазақстан облысы заңгер-ғалымдары Соттардың мәртебесін арттыруды ұсынуда. Конституцияға енгізілетін  өзгерістердің ішінде  - үшінші билік өкілдерінің мәртебесін арттыру қарастырылуы тиіс дейді олар.  Бұл жөнінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің заңгер ғалымдары: Ғ.Маймақов Н.Кақышев, Е.Нұртазин, Түзелбаевтар  «Ауыл» партиясы төрағасы Әли Бектаевтың Оңтүстік Қазақстан өңіріне арнайы барып өткізген ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері» жөніндегі үндеуін талқылауға және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауын насихаттауға арналған жиында ортаға салды.

Сонымен қатар, заңгерлер тарапынан Үкімет мүшелерін Парламентке тағайындауды тапсыру; территориялық қадағалаушы органдарды (департаменттерді) қысқарту туралы; мәслихат депуттарының санын арттыру; білім сапасын көтеруде инновациялық бағыттағы оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізу, яғни жаңа бағдарламалар қабылдау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениет  деген пәнді жаппай енгізу туралы ұсыныстар айтылды.

Жиында сөз алғандардың барлығы Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлу мәселелері бойынша Конституцияға  енгізілетін өзгерістердің ел экономикасының әрі қарай дамуына тиімді әсер ететінін атап өтті.