KZ | RU | ENG

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛДАП КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗДІ

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛДАП КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗДІ
10.02.2017

Бүгін «Ауыл» ХДПП Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік" Жолдауын жан-жақты талдап, әрбір тармағына қатысты түсіндіру жүргізу үшін партия мүшелерінің және Астана қаласы зиялы қауым өкілдерінің басын қосып конференция өткізді. Конференцияға «Ауыл» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Толымбек Əшімұлы Ғабділəшімов жетекшілік етті.

«Жолдаудың əрбір сөзі қалың бұқараға түсінікті болуы үшін - зиялы қауым өкілдері мейлінше қарапайым тілмен жеткізе беруге тиіспіз. Ең бастысы осы Жолдауда Елбасы атап көрсеткен əр тапсырманың түпкі мақсаты - елімізді экономикалық дамудың жаңа кезеңіне шығару. Бүгін Сіздермен бірге төмендегідей сауалдарға жауап беруге тырысайық. Қазақстан мен қазақстандықтар Жолдауда айтылғандай жаһандық өзгерістерді қабылдауға дайын ба? Үшінші жаһандану - сəтті жүзеге асуы үшін не істеуіміз керек?»,-деді Т.Ғабділәшімов сөйлеген сөзінде.

         Конференцияда Жолдауды кеңінен насихаттайтын баяндама тыңдалып, қатысушылар өз ойлары мен тілектерін ортаға салып, қызу пікірталас орын алды. Басқосудың соңында Елбасы Жолдауын насихаттау жөнінде партия мүшелеріне бірқатар ұсыныстар айтылды.