KZ | RU | ENG

ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВКЕ БІРІГУДІҢ БЕРЕКЕСІ МОЛ

ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВКЕ БІРІГУДІҢ БЕРЕКЕСІ МОЛ
07.02.2017

«Ауыл» ХДПП Ақтөбе облысындағы филиалының төрағасы М.Қадыров Қарғалы, Мұғалжар, Алғын ауылдық өңірлерінде болды. Мал өсіріп жеке кәсібін дөңгелентіп отырған шаруалармен кездесіп, оларды өндірістік кооперативке бірігуге шақырды. Кооперативке біріккен жағдайда – мал, қажетті техника мен құралдарды сатып алуға, сүт және сүт өнімдерін шығаратын фермалар ашуға субсидия рәсімдеуде мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер жасалатынын түсіндірді. Кооператив құрудың алғашқы қадамдары қандай болуы керек екенінен хабардар етті. Шаруалар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сауатты жауаптарға қанықты.