KZ | RU | ENG

«АУЫЛ» ХДПП ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«АУЫЛ» ХДПП ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
28.01.2017

        Бүгін Алматыда «Ауыл» партиясы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелерін талқылау үшін сарапшылар кеңесінің жиналысын өткізді. Негізгі баяндаманы конституциялық құқық жөніндегі маман, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының профессоры Қ.Айтқожин жасады. Комиссия отырысына қатысқандар қызу пікірталас жүргізді. Көптеген ұсыныстар айтылды. Мәселе заңдық тұрғыдан ғана емес, философиялық, идеологиялық көзқарастар тарапынан жан-жақты талқыланды.

Көптің пікірі үндеудің еліміздің демократиялық дамуы жаңа сипат алатынына, оның болашағымыздың жарқын болуына жасалған алғышарттар екені аясында тоғысты. Сарапшылар жиналысының қорытындысы бойынша – Елбасының конституциялық реформа жүргізу бастамасын қолдау туралы шешім қабылданды.