KZ | RU | ENG

Қарағандылықтар "Ауыл" партиясының "Жарамдылық мерзімі өткен тауарға жол жоқ" акциясын қолдады

Қарағандылықтар
13.12.2015

Қарағанды халқы "Ауыл" партиясының "Жарамдылық мерзімі өткен тауарға жол жоқ" акциясын қолдады. Дүкеннен сатып алған тауарының мерзімі өтіп кеткендіктен сатып алушы тиісті шаралар қабылдап, арыз-шағымын "Ауыл" партиясына жеткізді.   

Қазақстан тұрғындарының денсаулығы көптеген факторларға байласнысты: экологиялық, еңбек жағдайы, генетикалық жағдайы және т.б. Маңызды факторлардың бірі ол – тамақ өнімдері.Табысқа жету мақсатында, еліміздің көптеген сауда ұйымдары тауардың сапасы мен жарамдылық мерзіміне тиісті түрде назар аудармауда.

осыған байланысты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы аталған фактілер орын алған жағдайда бей жай қалмай, тиісті шаралар қабылдауды ұсынады. Сапалы тамақ өнімдерін таңдайтын барлық азаматтарды «Жарамдылық мерзімі өткен тауарға жол жоқ!» республикалық акциясын қолдауға шақырады. Бірінші кезекте бұл үндеу еліміздің барлық сауда ұйымдарына арналған. Бұл акциямыз, жақын адамдарының және ұлттың денсаулығын ойлайтын, әрбір азаматтан қолдау табады деген сенімдеміз, дейді партиялықтар.