KZ | RU | ENG

"АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА ІС-САПАРЫ

18.01.2017

«Ауыл» ХДПП Төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында іс-сапармен болды. Аудандық орталық ауруханада  қызметкерлерімен кездесіп, "100 нақты қадам" Ұлт жоспары мен мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға жеке-жеке тоқталып, түсіндіру әңгімелерін жүргізді.

Сонымен қатар, сенатор "Ордабасы құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.  Жұмысшылармен пікірлесіп, еңбек етуге жасалған жағдайлармен танысты, шығарылып жатқан өнімдерді көрді. Қызметкерлердің қойған сауалдарына жауап берді.