KZ | RU | ENG

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
12.01.2017

Өмірде өз орныңды табу үшін не істеу керек?  Жұмысыңда алғырлық танытып, жоғарғы қызметтен табылудың сыры қандай? Бұл -  ересек өмірге қадам басқан студент жастарды мазалайтын сауалдар. «Ауыл» ХДПП Ақмола облыстық филиалы саяси кеңесі президиумының мүшелері Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы С.Сәдуақасов атындағы Аграрлы-Экономикалық университетінің студенттерімен кездесіп, жастарды толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауап беруге тырысты. Өз тәжірибесімен бөлісті.

«Қоғамның дамуына ең негізгі қозғаушы күш болатын – жастар. Елордамыз – Астана болғалы – еліміздің әрбір түкпірінен келіп, қиындықтарға мойымай, аянбай еңбек еткен жастардың арқасында санаулы жылдардың ішінде бас қаламыз танымастай өзгерді. Астана – жастардың қаласы» деген пікірлер айтылды. «Үлкендердің» ақыл-кеңесінің тоқ етері – жеке азаматтық ұстанымы берік қалыптасқан адам - жетістікке жетеді дегенге сайды.