KZ | RU | ENG

МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ

МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ
06.01.2017

Тауық жылын «Ауыл» партиясының Қостанайдағы филиалы қайырымдылық шарасымен бастады.  Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Радуга» орталығына барып мерекелік ертеңгілік өткізді.

Бұл жыл сайын  «Мейірімділік мекені» акциясы аясында ұйымдастырылатын дәстүрлі шара. «Жас Ауыл» жастар қанатының қыз-жігіттері түрлі ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп, 14 жасқа дейінгі 38 балдырған мен олардың ата-аналарының көңілін көтерді. Бүлдіршіндердің жүзі бал-бұл жанып, өнерлерін ортаға салды. Тақпақ айтты, би биледі. Әлбетте олардың белсенділігі ескерусіз қалған жоқ. Балалардың әрқайсысына Жаңа жылдық сыйлықтар тарту етілді.