KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясы «Жарамдылық мерзімі өткен тауарға жол жоқ!» атты акциясын бастады

«Ауыл» партиясы «Жарамдылық мерзімі өткен тауарға жол жоқ!» атты акциясын бастады
02.12.2015

Осы жылдың 2 желтоқсанында «Ауыл» партиясы «Жарамдылық мерзімі өткен тауарға жол жоқ!» атты акциясын бастады

Қазақстан тұрғындарының денсаулығы көптеген факторларға байласнысты: экологиялық, еңбек жағдайы, генетикалық фонт және т.б. Маңызды факторлардың бірі ол – тамақ өнімдері.

Табысқа жету мақсатында, еліміздің көптеген сауда ұйымдары тауардың сапасы мен жарамдылық мерзіміне тиісті түрде назар аудармауда.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы осындай фактілер орын алған жағдайларға халықтың  назарын аударады және сапалы тамақ өнімдерін таңдайтын барлық азаматтарды «Жарамдылық мерзімі өткен тауарға жол жоқ!» республикалық акциясын қолдауға шақырады. Бірінші кезекте бұл үндеу еліміздің барлық сауда ұйымдарына арналған.

Бұл акциямыз, жақын адамдарының және ұлттың денсаулығын ойлайтын, әрбір азаматтан қолдау табады деген сенімдеміз.