KZ | RU | ENG

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығы аясында «Ауыл» партиясының Қостанай облыстық филиалы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығы аясында «Ауыл» партиясының Қостанай облыстық филиалы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
30.11.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығы аясында «Ауыл» партиясының Қостанай облыстық филиалы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Конференция тақырыбы «Индустрияландыру – мемлекеттің жаңа экономикалық дамуының негізі».

Шара Қазақстанның ғылыми-инновациялық жетістіктерін паш етуге, ғылымға негізделген экономиканы құру бағытында мемлекеттің басым міндеттерін талқылауға арналған.

 

Конференция гуманитарлық ғылымдар; экономика менеджмент; техникалық ғылым және инновация; биологиялық ғылымдар және өндірістік технологиялар ғылымы; ветеринарлық-санитарлық сараптама; ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу ғылымдары тақырыбына арналды.

Конференцияға қатысушылар шара барысында жоғарғы білім беру жүйесін жаңа, сапалы білім қызметімен – кәсіпкерлік университетімен, сонымен қатар оқу бағдарламасының толымдылығымен қамтамасыз ету, жоғарғы оқу орындарының ғылымын Еуразиялық экономикалық кеңістігіне мүше елдердің инновациялық дамуымен ұштастыру бағытында пікір алмасты.

Партияның облыстық саяси кеңесінің мүшесі В.В. Хаданович облыстық Қазақстан-Қостанай телеарнасына сұхбат берді. Ол өз сұхбатында мемлекеттік жаңа экономикалық өсімінің негізі болып табылатын индустрияландыру саласында ғылымның рөлі мен бағыттары туралы әңгімеледі.