KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясының Қостанай облыстық филиалы «Жас ауыл» жастар қанатымен бірігіп, жастар форумын өткізді.

«Ауыл» партиясының Қостанай облыстық филиалы «Жас ауыл» жастар қанатымен бірігіп, жастар форумын өткізді.
23.11.2016

«Ауыл» партиясының Қостанай облыстық филиалы «Жас ауыл» жастар қанатымен бірігіп, жастар форумын өткізді. «Жастар ауылдың гүлденуі мен дамуына» атты шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен Қостанай облысының 80-жылдығына орай ұйымдастырылған.

     

Форум мақсаты: жастармен мемлекеттік құрылымдар, бизнес және саяси партиялардың арасында пікірталас алаңқайын құрып, жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырып, патриоттық құндылықтарды сіңіру.

Форум бағдарламасы 5 бөлімнен тұрды:

Ауылдың гүлденуі мен дамуындағы жастар рөлі;

Ауыл жастарының әлеуметтік белсенділігі;

Ауылдағы бизнес-инновациялар;

Карьера

«Біз тәуелсіз Қазақстанның келешегіміз» флешмобы

Жас оқытушылар мен студенттер өз баяндамалары мен шығармашылық жұмыстарында азаматтық ұстанымдарын, көшбасшылық қабілеттерін топпен жұмыс жасау мүмкіндіктерін паш етті. Ауылдағы күрмеулі мәселелер тізбектеліп, оларды шешу жолдары ұсынылды. Жастар «Ауыл» партиясының ауылды дамытып, жетілдіруге бағытталған саясатын қолдайды. Сонымен қатар олар Партия ұсынысы «Ауыл инфрақұрылымы» мемлекеттік бағдарламасын дайындаудың уақыты келгенін айтты.