KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясының өкілдері Астана қаласының қарттар үйіне барды

«Ауыл» партиясының өкілдері Астана қаласының қарттар үйіне барды
28.12.2015

2015 жылдың 28 желтоқсанында «Ауыл» партиясының өкілдері Астана қаласының қарттар үйіне барды.

Іс-шараның басты мақсаты, өзінің барлық саналы өмірін еліне және халқына қызмет етуге арнаған, соғыс және еңбек ардагерлеріне  материалдық көмек көрсету болып табылады.

«Біз, бүгінгі дамыған қоғамда өмір сүруімізге сүбелі үлес қосқан, аға буынымызға ерекше назар аударғымыз келіп тұр» деп атап өтті  «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Т. Ғабділәшімов.

Партияның бағдарламасында зейнеткерлер мен соғыс және еңбек ардагерлерінің өмір сүру деңгейін көтеру өзекті мәселе ретінде қарастырылған. «Біз болашақта да аға буынымыздың өмірінің лайықты деңгейде болуына ерекше назар аударамыз» деп атап өтті партияның Орталық аппаратында.