KZ | RU | ENG

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ауыл» партиясының қызметіне арналған кездесу өтті.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ауыл» партиясының қызметіне арналған кездесу өтті.
07.11.2016

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ауыл» партиясының қызметіне арналған кездесу өтті.  

Шараға Ауыл партиясы төрағасының орынбасары Т. Сыдыховтың төрағалық етуімен партияның Алматы қалалық филиалының активі, университет оқытушылары және студенттер қатысты.

Кездесу емін-еркін форматта өтіп, студенттер елдегі әлеуметтік-саяси, экономикалық ахуалға қатысты түрлі сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.

Қатысушылар партияның мақсат-міндеті, тыныс-тіршілігі туралы толығырақ ақпарат алуы үшін арнайы бейнесюжеттер көрсетіліп, партияның алға қойған жоспарлары туралы егжей-тегжейлі әңгімеленді. Партияның қызметінен бөлек Т. Сыдыхов елдегі саяси жағдайлар туралы студенттерді құлақтандырып, жалпы партиялардың рөліне тоқталды.

Өз баяндамасынан соң партия төрағасының орынбасары Т. Сыдықов жастарды елдің саяси өміріне белсенді араласуға шақырды.

Қатысушы студенттер кездесу өте қызықты әрі пайдалы өткенін айтты. Олар ауылды дамыту, ауылдағы күрмеулі мәселелерді шешу тақырыбында сұрақтарды көптеп қойды. Себебі көбі ауылдан шыққан, және оқу бітірген соң ауылға барып еңбек етуді жоспарлаған жастар.

Шара қорытындысында қатысушылар Оқу орнында «Ауыл»  партиясының жастар қанатын құру туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Сонымен қатар отырыс барысында жастар қанатының көшбасшысын сайлады.