KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» тақырыбында жастар форумын өткізді.

«Ауыл» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» тақырыбында жастар форумын өткізді.
02.11.2016

«Ауыл» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» тақырыбында жастар форумын өткізді. Шара «Жас толқын» жастар қанатының бастамасымен ұйымдастырылды. 

Форумға «Ауыл» партиясының оңтүстік қазақстан облыстық филиалының саяси кеңес мүшелері, облыстық ардагерлер кеңесі, облыстық білім басқармасы, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы», облыстық жастар орталығы, Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы», «Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Қазақстан ауыл жастар одағы» корпоративтік қоры, «Нұр Отан» партиясының «Ақ жол» партиясының, Қазақстан коммунистік халық партиясының филиалдары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жария етті.

«Ауыл» партиясы үшін, басты мақсат – халқымыздың  дәстүрлі құндылықтарын дамыту,  Отанымыз-Қазақстанның тәуелсіздігін баянды ету, «Мәңгілік Елді» нығайтып, бекіту» деп атап өтті партияның оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев. 

Оның айтуынша, «еліміздің  8,0 млн. халқы немесе 45%  ауылда тұрса, оңтүстік қазақстан облысында бұл көрсеткіш 55% құрайды. (Жалпы 2016 жылдың 1 қаңтарына ОҚО халық саны 2 840 557, оның 1 277 356 қалада тұрса, 1 563 201 ауылда тұрады.) яғни халықтың тең жартысы ауылдық аймақтарда тұрады. Сондықтан ауылды дамыту арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге болады.

Форумға қатысушылар «Қазақстанды қарқынды дамытатын, ел тәуелсіздігін мәңгі ететін - білімді ұрпақ» екенін баса айтты. «Жастар өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Патриотизм біздің қазақстандық жастар үшін этностарды бөлшектейтін, жіктейтін, бір-біріне қарсы қоятын күш емес, керісінше, біріктіретін күш ретінде қалыптасуы тиіс, және олардың ментальдық болмысында қағида ретінде қалыптасуы қажет»- дейді олар.

Жастардың басым бөлігі ауылда тұратындығын ескере отырып, олардың бойында өз туған жеріне деген махаббат пен атамекенінің келешегіне деген жауапкершілік секілді қасиеттерді сіңіру маңызды. Осы мақсатта жастар арасында форум өткізудің орны ерекше.

 «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» форумында мемлекеттік мекемелер, қоғамдық бірлестектермен бірлесіп, жастар арасында көңіл бөлетін, бірігіп шешетін көптеген мәселелер төңірегінде сөз қозғалды. Олар:

  • Ауыл инфрақұрылымын дамыту, жол, таза ауыз су,  жарық, газбен толық қамту мәселелерін шешіп, қала мен ауыл арасындағы алшақтықты төмендету;
  • Ауылдарда кіші және орта бизнесті дамытуды белсенді түрде жүргізу;
  • Ауыл жастарының білім деңгейін көтеру;
  • Ауыл жастарының салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал жасау; яғни спорт кешендері мен мәдениет үйлерінің жұмысын жандандыру;
  • Ауыл жастарының мәдениетін көтеру және тасада қалып жатқан талантты жастарды қолдау максатында конкурс, жобаларды іске асыру бағыттарында өрбіді.

 Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты: Жастардың туған ауылын көркейтуге, Отанын, Елін сүюге, олардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал жасап, Еліміздің өсіп-өркендеу жолында үлес қосуға тарту. Сонмен қатар, ауыл мәдениетін көтеріп, қазіргі заманғы мықты және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын өркендету, ауылдың гүлденіп, көркеюіне ат салысу болып табылады.