KZ | RU | ENG

Шымкент қаласында еркін күрестен халықаралық турнир өтті.

Шымкент қаласында еркін күрестен халықаралық турнир өтті.
27.10.2016

Бұл шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Кеңестер Одағының батыры, Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымовты еске алуға орайластырып өткізілді. Турнир Оңтүстік Қазақстан облысы Спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен және «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қолдауымен өтті.

Турнирге 5 мемлекеттен: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның барлық облыстарынан 350-ге тарта палуандар қатысты.

Жарыстың жабылуына «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев қатысып, спорттың жастар өміріндегі маңызына тоқталып өтті. Оның айтуынша, «мұндай шаралар өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына, спортқа баулуда ерекше маңызға ие. Жаманнан жиреніп, жақсыға үйрену үшін жастар арасында жарыстар ұйымдастыру керек. Сонымен қатар мұндай байқаулар бозбала мен бойжеткіннің бойына патриоттықты сіңіріп, намысын оятады», деді ол.

Партия төрағасы жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды құттықтады. Одан бөлек турнирдің ең үздік палуаны Алматы қаласынан, 66 келі салмақ бойынша қатысқан Есенғали Дарханды «Ауыл» партиясының атынан арнайы жүлдемен марапаттады.