KZ | RU | ENG

«Ауыл» ХДПП-ның СҚО филиалы «Қамқорлық» интернет-акциясын іліп әкетті

«Ауыл» ХДПП-ның СҚО филиалы «Қамқорлық» интернет-акциясын іліп әкетті
26.12.2015

«Ауыл» ХДПП-ның Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы «Қамқорлық» интернет-акциясын іліп әкетті. Филиал өкілдері отбасылық үлгідегі балалар үйіне келді. Мұнда 9 баладан тұратын 6 отбасы бар. Әр шағын отбасы үшін жауапкешілік тәрбиеші-ананың мойнында.

Партияның СҚО-дағы филиалының төрағасы И. Кендюх балалар үйінің тәрбиеленушілеріне техникалық және аграрлық мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орнына түсіруге жәрдемдесуге уәде берді. Биылғы жылы 9 сыныпты  бітіріп түлеп ұшатындар қатары бесеу, 11 сыныпты бітіретіндер екеу екен. И. Кендюх 11 сынып түлектеріне Түмендегі аграрлық университетке түсіріп, жатақханадан орын алып беруге, ал 9 сынып түлектеріне Петропавл қаласындағы колледждерден білім алуына жағдай жасайтынын айтты.

Сонымен қатар аймақтық филиал өкілдері балаларға аптасына екі рет бассейнге барып тұруына көмектесуге келісті.

Айта кетейік, Қамқорлық акциясына барлық ниет білдіруші жанашыр жандар атсалыса алады. «Игі істердің жанды тізбегі» қоғамның әлеуметтік көңіл-күйін, бірлік пен ынтымақтастығын көтеруге сеп болады.