KZ | RU | ENG

«Ауыл» ХДПП «Қамқорлық» интернет- акциясын бастады

«Ауыл» ХДПП «Қамқорлық» интернет- акциясын бастады
25.12.2015

2015 жылы 25 желтоқсанда «Ауыл» ХДПП «Қамқорлық» интернет- акциясын бастады.

Акция мақсаты жастар мен өзге де әлеуметтік топтарды қайырымдылыққа, мейірімділікке шақыру. Қайырымдылық – адамдардың  бойында жақынға деген махаббат, қамқорлық, ізеттілік пен ниеттестік қасиеттерін сіңіруде маңызды құндылық болып табылады.

«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Т. Ғабділәшімовтың айтуынша, «Акцияның басты міндеті кішігірім іс болса да, көмекке зәру жандарға қамқорлық көрсету, сол арқылы олардың жалғыз емес екенін көрсету».

Акцияға барлық ниет білдіруші жанашыр жандар атсалыса алады. Сонымен қатар шараға елге танымал әртістер, өнер иелері, Ауыл партиясының аймақтық филиалдарының өкілдері қатысады.

««Игі істердің жанды тізбегі» қоғамның әлеуметтік көңіл-күйін, бірлік пен ынтымақтастығын көтеруге сеп болады» деген сенімде акция қатысушысы, партия мүшесі, атақты әртіс У. Әбдірайымов