KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясы инновациялық аграрлық саясатты қолдайды

«Ауыл» партиясы инновациялық аграрлық саясатты қолдайды
19.10.2015

Павлодар  қаласында «Ауыл» партиясының Павлодарлық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Шараға облыстық партиялық ұйымның барлық аудандық және қалалық филиалдарының делегаттары қатысты. Партияның Павлодар облыстық филиалының жаңа төрағасы қызметіне Е.Н. Байғұрманов бір ауыздан сайланды.

Конференция жұмысына қатысқан «Ауыл» партиясының төрағасы, Сенат депутаты Ә. Бектаев «партияның басты құндылықтары әділдік пен бірлік» екенін баса айтты.

«Ауыл» партиясы инновациялық аграрлық саясатты қолдайды. Яғни ауылшаруашылығын дамытуда әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ғылыми және техникалық жетістіктерін кеңінен қолдануды дұрыс деп есептейді. Бұл ауылдағы инвестициялық белсенділікті ынтаналандыру, ауыл шаруаларына салықтан әділ жеңілдік жасау.

Анықтама үшін: 2015 жылдың 5 қыркүйек айында Астанада Ауыл Қазақстанның социал-демократиялық партиясының XІ съезд өтті. Қазіргі таңда партия қайта тіркелу процесінен өтуде.