KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясы «ҚазАгро» холдингімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді

«Ауыл» партиясы «ҚазАгро» холдингімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді
24.12.2015

2015 жылдың 24 желтоқсанында «Ауыл» партиясының өкілдері «ҚазАгро ҰБХ» АҚ-ның қаржылық институттарымен кездесу өткізді. Шараға қатысушылар несиелеу және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін шағын несиелеу тақырыптарын талқылады.

Дөңгелек үстел басына бизнес қауымдастық өкілдері шаруа қожалықтарының иелері, аграрлық сала сарапшылары мен ғалымдары жиналды.   

Кездесуде сөз сөйлеген «Ауыл» партиясының төрағасы, Сенат депутаты Ә. Бектаев «Мемлекет басшысының тапсырған міндеттерін жүзеге асыруда Агро өнеркәсіп кешені ерекше рөлге ие», деп атап өтті. Біріншіден 7 000-нан астам ауыл аймақта 8,0 млн. тұрғын немесе жалпы халықтың 45% тұрады. Екіншіден, бүкіл әлемдегі секілді Қазақстанда да аграрлық өндіріс халықтық шаруашылық кешенінің ірі саласы боп табылады.

«АӨК ел экономикасын өсіретін жаңа қозғаушы күшке айналатындай үлкен әлеуетке ие. Оны жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылық өндірісін дамытып, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өнімдер шығару, еңбек өнімділігін арттыру және елдің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет» деп атап өтті отырысқа қатысушылар.

Қазақстан 180 млн. га жайылымдық жерге ие. Сиыр етін импорттаушы ірі он елдің бірі Ресей және Қытаймен шекараласады. Еліміздің сиыр етін осы екі елге экспорттаудан түсетін табыс көлемі сарапшылар пікірінше жылына 5 млрд. АҚШ долларына тең. Бұл астық экспортынан түсетін пайдадан әлдеқайда көп.

Аграрлық бизнес өкілдерімен өткен кездесуде ауыл шаруашылық саласын несиелеудің өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар «ҚазАгро» АҚ-ның қаржылық институттарының тиімділігін арттыру және мемлекеттік қаражатты орнымен жұмсау жолдары қаралды.

Тараптар өзара ынтымақтастық және кеңесу тәсілімен даму институттары көрсететін қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыс істеуге ниетті екендіктерін айтты. Осы орайда «Ауыл» партиясымен «ҚазАгро» холдингі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум бекітілді.

Ауыл партиясының Орталық аппараты «Аграрлық сала мамандары мен «ҚазАгро» АҚ арасында «кері байланыс» алаңқайы құрылып жатыр» деп баса айтты