KZ | RU | ENG

"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясымен "Ынтымақтастық" жөніндегі меморандумын бекітті

23.09.2016

"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясымен "Ынтымақтастық" жөніндегі меморандумын бекітті

"Ауыл" партиясы мен Заң Академиясы осы Меморандумды бекіту арқылы ел экономикасы үшін бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау мақсатында, қоғамның әлеуметтік экономикалық бағдарламаларына белсенді қатысатын жастарды тәрбиелеу, инновациялық технологияларды, ғылымды дамытуды қолдау және ауыл мен өзге де аймақтарда өндірістік және адами капиталды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды  кеңейту, сонымен қатар бірлескен білім, әлеуметтік және өзге де қоғамдық маңызды іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастыру бағытында өзара ынтымақтастыққа мүдделі екенін көрсетеді. 

Бекітілген Меморандум ауылдан келген студент жастарға айтарлықтай жеңілдіктер қарастырады, соның ішінде кезектен тыс жатақханадан орын алу, ақылы бөлімдегі студенттер үшін оқу ақысына жеңілдіктер және т.б.  

МЕМОРАНДУМ МӘТІНІ: