KZ | RU | ENG

«Ауыл» ХДПП Орталық аппаратында Жастар қанатын құруға бағытталған бастамашы топтың отырысы өтті.

«Ауыл» ХДПП Орталық аппаратында Жастар қанатын құруға бағытталған бастамашы топтың отырысы өтті.
23.12.2015

2015 жылы 23 желтоқсан күні «Ауыл» ХДПП Орталық аппаратында «Ауыл» Жастар қанатын құру туралы бастамашы топтың отырысы өтті.

Шараға бастамашыл топтың өкілдері, ҚР жастар ұйымының көшбасшылары, еріктілер мен ЖОО студенттері қатысты.

Шара мақсаты саяси ұйымның бағдарламасын жүзеге асыратын нақты әрі тұрақты  жұмыс істейтін «Ауыл» партиясының жастар қанатын әрі әріптесін құру.

Ауыл ХДПП төрағасының бірінші орынбасары Т. Ғабділәшімовтың айуынша, «жылдам өзгеріп жатқан әлемде адами капиталын дамытып, жинақтап, және оны жемісті қолдана білген қоғамның стратегиялық тұрғыда бәсі басым түседі. Сонымен қатар дамудың инновациялық әлеуетіне мән берген мемлекет ұтады. Ал инновацияның негізгі қозғаушы күш, таратушысы әрине жастар» деп атап өтті, төраға орынбасары.

«Тиімді азаматтар» қатарын толтыру арқылы халықтың азаматтық сана сезімінің қалыптасуына, шығармашылық әлеуетінің артуына, әлеуметтік әріптестікті дамытуға жағдай жасауға болады, деп есептейді Ауыл партиясының Орталық аппаратында.   

Осыған сәйкес, «Ауыл» ХДПП бастамашыл топтың «Ауыл» Жастар қанатын құру туралы ұсынысын қолдады.

         «Ауыл» ХДПП-ның Жастар қанатының жетекшісі болып, жас әрі белсенді азамат Елдос Абаканов бірауыздан сайланды.