KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясының төрағасы жас ақын-жазушылармен кездесті

«Ауыл» партиясының төрағасы жас ақын-жазушылармен кездесті
02.09.2016

«Ауыл» партиясының төрағасы Ә. Бектаев бір топ ақын-жазушылармен кездесіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараларға дайындық барысын талқылады.

Бүгінгі таңда «Ауыл» ХДПП мен «Әдебиет порталы» бірлескен жобаны жүзеге асыруда. «Ауылым-алтын тұғырым» атты жас ақын-жазушы, драматургтар арасында шығармашылық байқау 2015 жылдың қараша айында жарияланған болатын. Бүгінгі кездесу кезінде келіп түскен шығармалар сапасы талқыланып, байқауды насихаттау барысы қаралды.