KZ | RU | ENG

«Халықты жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының орындалу барысын қадағалау мақсатында партияның барлық филиалдарында қоғамдық қабылдау күні өтті

«Халықты жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының орындалу барысын қадағалау мақсатында партияның барлық филиалдарында қоғамдық қабылдау күні өтті
12.12.2015

2015 жылдың 12 желтоқсан күні "Ауыл" ХДПП-ның барлық облыстық филиалдары азаматтарды қоғамдық қабылдау күнін өткізді. Бұл іс-шаралар «Халықты жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының орындалу барысын қоғамдық бақылау аясында ұйымдастырылып отыр.

Партия қызметкерлері күні бойы тұрғындардың арыз шағымын, ұсыныстарын тыңдап қана қоймай тіркеп, Партияның орталық аппаратына ұсынады. Бұл жерде әрбір азаматтың ісі жіті тексеріліп, тиісті дәрежеде шешім қабылданатын болады.

         "Ауыл" партиясының төрағасы Ә. Бектаевтың айтуынша "Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауында елімізде адами ресурстарды дамытудың маңызды екенін қадап айтқан». Осы бағытта Ауыл партиясы әрбір маманның лайықты жұмысқа тұрып, лайықты еңбекақы алуы үшін және жұмысшысының құқығы қорғалуы үшін «Лайықты еңбек» партиялық жобасын жүзеге асырды.

"Еңбек шартының міндеттілігі және тұрақтылығы, еңбек дауларын шешудің тиімді тәсілдері, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған бағдарламалар бүгінгі күні аса маңызды" деп атап өтті партия төрағасы Ә. Бектаев. Сондықтан аталған маңызды міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін Ауыл партиясы 2015 жылдың 8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумын да бекіткен.  Сарапшылардың пікірінше, бұл құжат партия бағдарламасын жүзеге асыруда және еңбек қарым-қатынастары саласында қоғамдық бақылау орнату жүйесін құруда үлкен маңызға ие.