KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясының ОҚО филиалының ұйымдастыруымен «Экстремизм және терроризмге қарсы тұру ортақ міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Ауыл» партиясының ОҚО филиалының ұйымдастыруымен «Экстремизм және терроризмге қарсы тұру ортақ міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
16.08.2016

«Ауыл» партиясының ОҚО филиалының ұйымдастыруымен «Экстремизм және терроризмге қарсы тұру ортақ міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Ауыл» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйытқысымен Шымкент қаласында «Экстремизм және терроризмге қарсы тұру ортақ міндет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара «Ауыл» ХДПП төрағасы, сенат депутаты Ә. Бектаевтің қатысуымен өтті. Кездесуге сонымен қатар ОҚО дін істері басқарма басшысы Б. Жалмұрзаев және "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-нің бөлім басшысы Д. Оспанов қатысты. Олар Оңтүстік Қазақстандағы діни ахуал мен облыстағы діни экстремизм және терроризмге қарсы атқарылып жатқан іс шаралар туралы баяндап берді. Қатысушылардың айтуынша, рухани құндылықтарды жаңғыртып, діни сауаттылықты арттыру міндет. Осы арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға болады.

Сонымен қатар дөңгелек үстелге "Ауыл" партиясының мүшелері, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаменті, ОҚО ішкі істер департаменті, ОҚО әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссиясы, ОҚО Дін істері басқармасы, ОҚО Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталағы» МКМ, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ОҚО бойынша  бас имамы, ОҚО Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, ОҚО Ішкі саясат басқармасы, Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы, Православия шіркеуі, Нұр Отан партиясының ОҚОФ, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының ОҚОФ, Қазақстан коммунистік халық партиясының ОҚОФ және БАҚ өкілдері.

Бұрын соңды болмаған террористік жағдайлардың елімізде орын алып отырғандығы әр қазақстандықты өте қатты толғандыруда. Дін атын жамылған радикалды және теріс пиғылды ағымдардың белсенді әрекеті салдарынан дәстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырған рухани құндылықтар күйреуге ұшырап, ішкі тұрақтылыққа қауіп төнуде. Үздіксіз және астыртын, ең бастысы ел санасын оңай жаулайтын әдіспен – дін атын жамылып жүргізілгендіктен мұндай әрекеттер тұрғын халықты ай-күннің аманында иманынан жаңылдыратын аса қауіпті әрекеттер болып саналады.  Сондықтан «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ОҚО бойынша филиалының мүшелері  мемлекеттік, құқық қорғау және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, мұндай жағдайды алдағы уақытта болдырмау үшін басқа ұйымдармен бірлесе отырып, жоспарлы түрде жұмыс жасау керек екендігі айтылды.

         Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шешімі негізінде Елімізде ислам атын жамылған діни ағымдардың қызметіне тыйым салынған экстремистік және террористік ұйымдардың саны бүгінде 21-ді құрап отыр, олармен ымырасыз күресу әрбіріміздің міндетіміз.

Осыған байланысты, қоғамдағы діни экстремизммен күрес саласындағы мемлекеттік саясат ақпараттық-түсіндіру және ағарту шараларымен қатар, әлеуметтік-сауықтыру жұмыстарын да кешенді түрде қатар алып жүру, ауыл жастары мен қоян қолтық жұмыс жүргізу «Ауыл» ХДПП негізгі міндетінің бірі.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты: Бүгінде өкінішке орай жат пиғылды адамдар Ақтөбеде, Алматыда бой көрсетіп, бейкүнә жандардың қаны төгіліп отыр. Елімізге, дінімізге жат құбылыстың алдын алу үшін мемлекеттік, құқық қорғау және қоғамдық бірлестіктермен бірге келешекте мұндай қатігездікті болдырмау үшін оның алдын алу шараларын ұйымдастыру кажет.

Дөңгелек үстел жұмысына «Ауыл» «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ОҚОФ төрағасы, заң ғылымдарының докторы Досалиев Қанатбек төрағалық етті. Отырысқа «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев, ОҚО Дін істері басқармасының басшысы Жалмұрзаев Батырбек Қаратайұлы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Керімбек Ахметжан Пірәліұлы,ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ,  «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Оспанов Дәлелхан, ОҚО әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссиясының басшысы Қоңырбаев Шохан Төленұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша прокуратурасының бөлім прокуроры Есенбеков Серік Зейлханұлы, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Мелдешов Талғат Абдуллаұлы, ОҚО ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Полиция подполковнигі Айменов Айдар Жамбылұлы, ОҚО Жастар саясаты басқармасының бас маманы Асанов Нұржан Нартажұлының, «Ауыл» ХДПП ОҚО бойынша Саяси кеңес мүшелері, аудан, қала төрағалары мен орынбасарлары, басқа да саяси партиялар және БАҚ қатысты. Дөңгелек үстел ашық түрде өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, шешімдер шығарылатын болады.