KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясының Алматы қалалық және облыстық филиалында «Ауылшаруашылық кооперациясы туралы» дөңгелек үстел жұмысын қорытындылап, бірқатар ұсыныстар жинақтады.

«Ауыл» партиясының Алматы қалалық және облыстық филиалында «Ауылшаруашылық кооперациясы туралы» дөңгелек үстел жұмысын қорытындылап, бірқатар ұсыныстар жинақтады.
01.08.2016

«Ауыл» партиясының Алматы қалалық және облыстық филиалында «Ауылшаруашылық кооперациясы туралы» дөңгелек үстел жұмысын қорытындылап, бірқатар ұсыныстар жинақтады.

 

«Ауылшаруашылық кооперациясы туралы»

дөңгелек үстел қатысушыларының

ҰСЫНЫСТАРЫ

 

Шараға «Ауыл» партиясының мүшелері, Алматы қалалық әкімшілігінің өкілдері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Сүт одағы» «Фермерлер одағы», Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық жерлерді дамыту жөніндегі Қазақ Ұлттық ғылыми зерттеу институты, Агрохимия және топырақ тану Қазақ Ұлттық ғылыми зерттеу институты, малшаруашылығы және жемшөп өндірісі Қазақ Ұлттық ғылыми зерттеу институты, және т.б. институт мамандары қатысты.

Шағын шаруа қожалықтарының төмен кіріс деңгейі ауылдағы бизнесті бастауға кедергі келтіреді. Көптеген шағын шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау түрлері, яғни субсидиялау, жеңілдікті несиелеу қолжетімсіз болып отыр. Себебі жеңілдікті алу үшін қойылған талаптарды шағын қожалықтар орындай алмайды. Кепілге қоятын мүлкі жоқ немесе төлем қабілетін дәлелдейтін дәйегі жоқ. Осыған байланысты елімізде «Ауылшарушылық кооперативтері туралы» заң қабылданған.

Шағын шаруа қожалықтарының ірі ауылшаруашылық кооперативіне бірігуі жер ресурстарын тиімді пайдалануға, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің яғни кооператив мүшелерінің пайдасын үстемелей түсуге, бәсекелестік қабілетін арттыруға, делдалдарды азайтуға сеп болады.

Дегенмен бүгінгі таңда аграрлық сектордағы кооперация өте баяу дамуда. Сондықтан бұл процеске кедергі келтірер факторларды анықтау және оны жою, шаруа қожалықтары иелеріне құқықтық көмек көрсету маңызды.

Дөңгелек үстелдің де көздегені осы. Жиынға қатысушылар ауылшаруашылығындағы кооперацияны дамытуға кедергі келтірген мәселелерді анықтап, сарапқа салды. Сонымен қатар мамандармен проблеманы тиімді шешу тәсілдерін қарастыру үшін ұсыныстар топтамасын дайындады. Жинақталған ұсыныстар партияның орталық аппаратында, Астанада қыркүйек айында қаралатын болады.

Дөңгелек үстел қатысушылары ауылшаруашылығындағы кооперацияларды дамыту бағытында төмендегідей ұсыныстарын алға тартады:

 

- ауылшаруашылық кооперативтерін мемлекеттік қолдау тетіктерін төмендегідей бағытта күшейту;

- ауылшаруашылық нысандарының құрылысын, несиелердің пайыздық мөлшерлемесін, асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау;

- технологиялық құрал жабдықтар сатып алуға жеңілдікті несиелеу, жаңа ауылшаруашылық нысанын құрған кәсіпкерге, ісі өндірістік қуаттылық деңгейіне көтерілгенше салықтан босату,  10-12 жылға 3-4% мөлшермен жылдам несиелер беру мүмкіндігін жасау;

- кооператив құруда, және арнайы «Қазагро» ҰБХ  несиелік өнімдерін құруда ауылшаруашылық кооперативтері үшін негізгі және айналымдағы қаражатты толықтырып отыру үшін әкімшілік шығындарды субсидиялау;

- Жер пайдаланушылардың құқығын қорғау бағытында жаңа жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу; Нақтырақ айтқанда, кооперативтегі мүшеліктен шыққан жағдайда пай есебінде ұсынылған жер учаскелерін даусыз қайтару мүмкіндігін реттейтін тетіктер қарастыру.

- Ауылшаруашылығы министрлігі ұсынған «Ауыл халқын тиімді жұмыспен қамту және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері өндірісін ұлғайтып, азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуде жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдалану» бағдарламасының жүзеге асырылу уақытын жылдамдату;

- ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру және оны қаржыландыру мәселесіне арналған пилотты жобаларды жүзеге асыру бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу;

- аграрлық секторды басқару бағытында экономикалық тетіктер жөніндегі білімді тарататын аймақтық орталықтар құру, ауылшаруашылық кооперативтерін құру және оның жұмысын ұйымдастыру бойынша фермерлер мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының мамандарын оқытатын арнайы бағдарлама даярлау;

- ақпараттық жұмысты күшейту, «Ауылшаруашылық кооперативтерін туралы» ҚР Заңының негізгі баптары мен ережелерін тіптіштеп түсіндіретін ақпараттық насихаттық жұмыстарды белсенді жүргізу;

- Ауылшаруашылық кооперативтерінің құрылуына ғылыми, әдістемелік көмек көрсететін ғылым мекемелерінің шығынын жабу, қаржыландыру.