KZ | RU | ENG

«Ауыл» ХДПП «Ауылдағы ғылымды көп қажет ететін жобалардың тиімділік әлеуеті» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды

«Ауыл» ХДПП «Ауылдағы ғылымды көп қажет ететін жобалардың тиімділік әлеуеті» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды
19.12.2015

2015 жылдың 19 желтоқсан күні сағат 10.00 С.Сейфуллин атындағы Қазақ Аграрлық Техникалық Университетінде «Ауыл» ХДПП «Ауылдағы ғылымды көп қажет ететін жобалардың тиімділік әлеуеті» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.

Шараға «Ауыл» партиясының өкілдері, бизнес-қауымдастық, ғылыми қайраткерлер және шаруа қожалықтарының иелері қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйлеген «Ауыл» Партиясы төрағасының бірінші орынбасары Т. Ғабділәшімов: «Инновация еліміздің тұрақты дамуының негізі болып табылады», деп атап өтті. «Қазақстанда аграрлық сектордағы инновацияның мүмкіндігі мол. Біз осы процесте бизнес пен мемлекеттің өзара әріптестігін пайдалануымыз керек», деді ол.

Конференцияда сөз алған азматтық қоғам өкілдері «аграрлық сектордың түрлі саласында ғылыми технологияларды дамыту және елімізде ғылыми зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.   

Ғылыми тәжірибелік конференцияда егін шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, жер кадастры және осы салаларға ғылымды көп қажет ететін технологияларды енгізу мәселелері сөз болды.

Шара қорытындысында мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастық үшін қажетті нақты ұсыныстары бар резолюция қабылданды.