KZ | RU | ENG

Жер мәселесі бойынша қоғамда ортақ келісім қажет

Жер мәселесі бойынша қоғамда ортақ келісім қажет
23.07.2016

Жер реформасы бойынша заңға енгізілетін өзгерістер Қазақстан халқының мүддесі ескерілген ымырамен қабылдануы керек. Жер реформасы бойынша комиссияның Атырау облысы халқымен кездесуінде қатысушылар өз пікірін осылай жеткізді.

Жер реформасы бойынша комиссия дер кезінде құрылып, саяси-әлеуметтік түсініспеушілік азайды. Сарапшылардың пікірінше, комиссия жұмысы қоғамда диалогтың нығаюына әсер етті.

Кездесуде атыраулықтар жердің киелі ұғым екенін айта келіп, пікірлердің ортақ мүддеге тоғысуы керек екенін жеткізді. 
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен Жер реформасы бойынша құрылған комиссия мүшелері Атырау облысының халқымен кездесіп отыр.

Жиынға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, кәсіпкерлер мен қауымдастықтар, әр саладағы қоғамдық кеңес мүшелері, партия және кәсіподақ ұйымдары, орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысуда. Сондай-ақ, өңір аудандарының тұрғындары селекторлық режімде байланысқа шықты.