KZ | RU | ENG

«Ауыл» ХДПП мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтастық туралы меморандум бекітті

«Ауыл» ХДПП мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтастық туралы меморандум бекітті
22.12.2015

2015 жылы 22 желтоқсан күні «Ауыл» ХДПП мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтастық туралы меморандум бекітті.

Құжатқа «Ауыл» партиясының төрағасы, Сенат депутаты Ә. Бектаев және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е. Тоғжанов қол қойды.

Шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Ауыл» партиясының белсенділері, бизнес-құрылым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

«Азаматтық сәйкестік және ұлтаралық үйлесімді бекітуде, қоғамдық келісім саясатын қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі маңызды, тәжірибесі мол», деп атап өтті шараға қатысушылар. Жиында сонымен қатар тұрақты түрде қызмет ететін сараптамалық алаң құру туралы ұсыныстар айтылды.

Этникааралық келісім мен төзімділіктің қазақстандық моделін құрған ҚР Президенті Н. Назарбаевтың орнын сөз сөйлегендер ерекше атап өтті.

«Ауыл» партиясының төрағасы Ә. Бектаевтың «Біздің партиямыздың бағдарламасында негізгі басымдық теңдік, ынтымақтастық және жасампаздыққа берілген. Көптеген ұстанымдарымыз Қазақстан халқы Ассамблеясымен ұқсас. Сондықтан біз қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімділікті бұдан әрі қарай нығайта түсу үшін Ассамблеямен бірігіп, тығыз жұмыс жасайтын боламыз», деп атап өтті.